Мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан кетіп қалған

96
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qPQzXLP0RdwxITah5Hjh6SgF3J6mBAoZMs3EECJS.webp

Алматы облысының Боралдай кентінде мопед жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Әлеуметтік желідегі almaty_typical парақшасында жарияланған бейнеде жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалғаны көрінеді. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты 20 шілде күні сағат 16:03 шамасында Абылай хан көшесінде болған. Бейнежазбада екі адам мінген мопедтің жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан әйелді жоғары жылдамдықпен қағып кеткені көрінеді. Соққы салдарынан жаяу жүргінші, мопед жүргізушісі мен жолаушы қыз жолға құлаған.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасынан кейін оқиға орнын тастап кеткен мопед жүргізушісінің жеке басы жедел анықталған.

«Жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған мопед жүргізушісі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші мен мопед жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады полиция.

相关新闻

评论
相关新闻