Пышақ жарақатынан қаза тапқан қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды

98
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Абай облысының Бородулиха ауылында пышақ жарақаты бар қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Аталған факті бойынша полиция адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 13 шілде күні таңертең Бородулиха ауылындағы үйлердің бірінің маңынан қыздың денесі табылған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде 20 жастағы аудан тұрғыны анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, күдікті марқұммен таныс болған. Олардың арасында жеке бас араздығынан жанжал туындап, соңы адам өліміне әкелген.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

评论