Иран Ормұз бұғазы арқылы кемелердің өтуіне қайтадан шектеу қойды

138
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JrVSbCGM9xGiwGte9pqtvSBXdUiwkFFO9MnN0Cex.webp

Жексенбіде Иранның Ормұз бұғазын бақылау басқармасы бұл су жолы арқылы сауда кемелерінің өтуі әзірге жабық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Интерфаксқа сілтеме жасап.

«АҚШ қарулы күштерінің өңірдегі соңғы заңсыз әрекеттеріне байланысты Ормұз бұғазы арқылы транзиттік қатынас жасау қазіргі уақытта мүмкін емес», – делінген басқарманың X әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламасында.

Басқарма өкілдері жағдай тұрақтанып, тыныштық орнағаннан кейін барлық өтінім белгіленген кестеге сәйкес қаралып, қажетті рұқсаттар берілетінін атап өтті.

Сонымен қатар ведомство кемелердің Ормұз бұғазы арқылы өтуіне рұқсат алу үшін өтінімдерді тек Парсы шығанағы су жолдары басқармасының ресми сайты арқылы беруге шақырды.

Еске салайық, АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы 13 шілдеге қараған түні Иран аумағына жаңа соққылар жасалғанын айтқан еді.

评论
其他材料