Алтай төріндегі халықаралық фестиваль. Димаш Құдайберген Қатонқарағайға барды

88
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vql0kf1sr7QA7RXp7VpiIXewUHVr06gWIrH5uVly.jpg

Фото:dimashnews

10–11 шілде күндері Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық музыкалық фестиваль ұйымдастырылуда. Ауқымды мәдени шараға Қазақстанмен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Мажарстан, Ресей және Түркиядан келген өнер ұжымдары мен орындаушылар қатысуда.

Фестиваль аясында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Өскемен қаласына келді. Әнші 11 шілде күні өтетін гала-концертте арнайы концерттік бағдарламасын ұсынбақ.

Мерекелік шараның алғашқы күні Берел ауылындағы Патшалар аңғарында орналасқан «Патшалар жазығы» тарихи-мәдени кешенінде басталды. Қонақтарды облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары қарсы алып, «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» республикалық жыр фестивалі мен ақын Ақтан Нұрбаевтың рухына арналған әдеби-мәдени кеш өтті.

11 шілдеде фестиваль бағдарламасы одан әрі жалғасады. Қонақтар Алтай халықтарының салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстыратын «Altay Fest-2026» этноауылын тамашалай алады. Сонымен қатар, еліміздің 12 танымал ақыны қатысатын «Ақтанымын Алтайдың» республикалық айтысы ұйымдастырылады.

Фестивальдің қорытынды кеші Катонқарағайдағы ипподромда өтеді. Гала-концертте Қазақстан мен шетелден келген өнерпаздар сахнаға шығып, ал кештің басты хедлайнері Димаш Құдайберген көрерменге арнайы концерттік бағдарламасын ұсынады.

评论