ҚазТАГ-тың бас редакторы Әмір Қасенов туралы не білеміз?

205
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/46zW74AtHuBKqY0HexecYBviEe26HsPyp6fv2U2S.jpg

Ақпарат заманында, әсіресе ақпараттық соғыс дәуірінде атылған оқтан бұрын сөздің жүретіні мәлім. Қазіргі таңда қоғамның санасына ықпал етудің ең тиімді құралы да дәл осы ақпарат. Сондықтан өзінің сыртқы мүддесіне жұмыс істейтін кез келген мемлекет ең алдымен журналистер, блогерлер және сарапшылармен байланыс орнатуға тырысады.

Қысқасы қоғамдық пікір қалыптастыратын тұлғаларға ақшасын аямайды. Өйткені миллиондаған адамның ойын өзгерту үшін кейде бір ғана танымал спикердің сөзі жеткілікті.

Ақшаға, саяси күштерге немесе белгілі бір орталықтардың мүддесіне қызмет ететін ақпарат таратушылар кез келген елде кездеседі. Өзіне ыңғайлы кезінде олар мемлекеттің саясатын жақтайды, жағдай өзгерген шақта ешбірқиналмастан даттауға көшеді, қарсы пікір айтуға еш қымсынбайды. Өкінішке орай арын сатқан мұндай шұбар жыландар біздің елімізде де бар.

Әңгіме соңғы уақытта қоғам назарында жүрген ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасенов туралы болып отыр. Осы орайда тарих бетін бірге ақтаруға шақырамыз. Әрбір сөзімізге дәлел интернетте бар.

Кеше және бүгін

Қазіргі ақпараттық кеңістіктегі Әмір Қасенов өзін тәуелсіз Қазақстанның мүддесін қорғайтын, сыртқы ықпалға қарсы сөйлейтін журналист ретінде көрсетеді. Оның материалдары мен пікірлерінде ұлттық мүдде, егемендік, ресейлік капиталдың ықпалы сияқты тақырыптар жиі көтеріледі.

Алайда он жыл бұрынғы жарияланымдарына көз жүгіртсеңіз, мүлде басқа шындыққа тап боласыз: 2014-2015 жылдары Yvisionплатформасында Turbo атымен жариялаған мақалаларында Әмір Қасеновтың Қазақстандағы ұлттық-патриоттық ортаны өткір сынап, Ресейдің ақпараттық күн тәртібіне сай риториканы қолданғаны байқалады.

Сол кезеңдегі жазбаларында қазақ патриоттарын «русофоб», «ұлтшыл», «нацик» деп атаған материалдар көп кездеседі. Ресейдің сыртқы саясатын қорғап, Батысты келемеждеген пікірлер де аз емес.

Георгий лентасын қорғап, көгілдір ұлттық лента идеясын сынаған жазбалары да сол кезеңнің бір көрінісі болды.

Ал бүгінде дәл сол автор – Әмір Қасенов сот залында әріптесіне «Сен қазақсың ғой! Олигархқа сатылып кеткенсің» деп айып тағады.

Халықты ақымақ қылған үгіт-насихатшы

Кез келген кенет өзгерістің қисынды себебі болуы керек. Әмір Қасеновтың жағдайында бұл өзгерістің себебі қаржы. Ең қызығы әрбір тірі жан үшін бейімделуге аз болса да уақыт қажет. Бірақ ақша келген жақтың үгіт-насихатшысына айналып шыға келудің хас шеберіне уақыт та қажет емес.

Бірақ сол қоғамның да уақыт өте келемынадай заңды сұрақтары туындайды: «кеше ғана ұлтжандылықты қауіпті құбылыс деп бағалаған журналист ұлттық тақырыпты өзінің басты аргументіне қалай айналдырады», «кешеғана көрші елдің экономикалық, дипломатиялық және ақпараттық ұстанымдарын қолдап та, қорғап та жүрген тілші бүгін сол елдің ықпалына қарсы күрескер ретінде өзін қай бетіменкөрсетеді», «кеше ғана Батыс демократиясын «түрлі-түсті революция» деп сипаттаған маманбүгін дәл сол демократиялық құндылықтарды кәсіби қызметінің негізіне қалай айналдырады»... Шыны керек, айта берсең, іздей берсең, мұндай қарама-қайшылықтар көп.

Арзандап кеткен сенімнің бағасы

Бұрын журналистің ең басты капиталы абыройы мен беделі болса, қазір алдыңғы шепке сенім шығып отыр.

Көзқарақты оқырман тілшінің ағат кетуі мен қателігіне кешіріммен қарауы мүмкін. Бірақ кеше айтқанын бүгін жоққа шығарса, сенімніңжоғалатыны айдан анық. Сала маманы ретінде бұрынғылар қасықтап жинаған абыройды, қазіргілер шелектеп төгіп жатқаны тек өкінішті емес және аса қауіпті.

Шынтуайтында бұл қоғам дертіне айналып бара жатқан үлкен мәселе. Бұл – арамызда ұлт мүддесі саудаға түскен кезде қарсы бетке еш кідірместен өтіп кететін азаматтардың барын көрсететін дүние.
Бұл – көпшілік байқаса да айтқысы келмейтін ақпараттық кеңістіктегі үлкен теріс құбылыс туралы әңгімеге әкеліп соғады.

Ұлттық мүдде туралы кімнің шынайы сөйлеп отырғанын, ал кімнің сол ұранды кезекті саяси маусымның құралына айналдырғанын ажырата білу – бүгінгі қоғамның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан өзің адаспас үшін және біреуді адастырмас үшін өте қырағы жәнеаса сақ болған абзал. Ал Әмір Қасенов бұл қарапайым және айқын мысалдардың бірі ғана. Тізім бұдан да ұзын болуы бек мүмкін...

Сөз соңында, Әмір Қасеновқа қатысты мынадай бір қысқа ғана ойды ортаға салуды жөн көріп отырмыз: ҚазТАГ бас редакторының әлі күнге дейін көрші елдің мүддесі үшін жұмыс істеп жүрмегеніне кім кепіл?! Оның мың құбылуы бұл жай ғана ойын болуы әбден мүмкін. Әйтеуір, сол ойынның арты өртке айналмаса болғаны. Опық жеп қалмайық.

Ашық деректерден сөзімізге дәлел:

2. https://yvision.kz/post/9-maya-protivniki-gvardeyskoy-georgievskoy-lenty-obeshchayut-ustroit-pogromy-492577

3. https://yvision.kz/post/ssha-protiv-rossii-voyny-ne-budet-486989

 

 

 

评论