Асламбек Мерғалиев қайтадан Жоғарғы соттың төрағасы қызметіне келді

497
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NgzJBtxAhIjXzMTKfRnYYVbbeOWTs11xSXJd6XQB.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асламбек Мерғалиевті Жоғарғы Сот төрағасы қызметіне қайта тағайындады. Бұл туралы бүгін, 8 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы лауазымына  тағайындалды»,–делінген хабарламада.

Ол бұл қызметке 2022 жылдың желтоқсанында келген еді.

Айта кетейік, бұған дейін жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде алты лауазымды тұлға тағайындалуы тиіс екені айтылған еді. Олар: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Бас прокурор, Ұлттық банк басшысы, Жоғарғы сот төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Жоғары сот кеңесінің төрағасы.

 

 

评论
其他材料