Шетелде тұрақты тұратын азаматтардың сайлауда дауыс беру құқығына шектеу енгізілді

261
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0foswoJqXJItfco6Tw36tclfT4A4b3NZBRIgJAeZ.png

Коллаж ЖИ көмегімен жасалды

Армения ұлттық жиналысы кезектен тыс отырыста сайлау кодексі мен «Референдум туралы» заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Жаңа өзгерістерге сәйкес, елде тұрақты тұрмайтын Армения азаматтары бұдан былай сайлау мен референдумдарға қатыса алмайды.

Жаңа талап бойынша жалпыхалықтық сайлау мен референдумда дауыс беру құқығы соңғы екі жылдың ішінде Армения аумағында кемінде бір жыл тұрақты тұрған азаматтарға ғана беріледі. Бұл талап сайлауға дейін 48 күн бұрын, ал кезектен тыс сайлау кезінде 28 күн бұрын есепке алынады. Сонымен қатар Армения парламенті сайлаушыларды сатып алғаны үшін жазаны күшейтті. Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, мұндай қылмыс үшін сотталған азаматтар өмір бойына мемлекеттік және муниципалдық қызметтерді, сондай-ақ әкімшілік және өкілетті лауазымдарды атқару құқығынан айырылады.

Заң жобасын биліктегі «Азаматтық келісім» фракциясының депутаттары ұсынды. Олар құжатты бірауыздан қолдады. Ал оппозиция дауыс беруге қатысудан бас тартып, қабылданған түзетулер азаматтардың сайлау құқығын шектейтінін айтып, Конституциялық сотқа шағымданатынын мәлімдеді.

Парламент өкілдерінің айтуынша, өзгерістер «электоралдық туризмнің» алдын алу мақсатында қабылданған. 

评论