27 маусымда Астана уақытымен сағат 18:34-те Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна".
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жерасты дүмпуі еліміздің оңтүстік өңірлерінде 2 балл шамасында сезілген. Атап айтқанда, жер сілкінісі Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекендерінде байқалған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.
Құзырлы органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тұрғындарға ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес беріледі.
