Ұзындығы 2 километр көрпе тігіп, әлемдік рекордқа енген ұлытаулық құрақшылар Көкмайсада

141
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yMDAAJpCz36ohSbn9aawCYswlNbDPcgL5xCxLeao.jpg

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында өтіп жатқан «Көкмайса» этнофестивалінде өңірдің ісмер тігіншілері мен құрақшылық өнерінің шеберлері әзірлеген ұлттық нақыштағы құрақ көрпелер, жастықтар және өзге де қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Көрме қазақтың дәстүрлі қолөнерінің бай мұрасын таныстырып, фестиваль қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.

Айта кету керек, Ұлытау облысынан 56 тігін шебері еліміздің үздік құрақшыларымен бірге Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында өткен «Аламан құрақ» жобасының IV маусымына қатысып, ауқымды құрақ көрпе тігу жұмысына өз үлестерін қосты.

Нәтижесінде жобаға қатысушылар ұзындығы 2 шақырымды құрайтын құрақ көрпе дайындап, 2026 жылы әлемдік рекорд орнатты. Бұл – қазақтың дәстүрлі қолөнерін халықаралық деңгейде танытқан тарихи жетістік.

Аталған бірегей туындыны әзірлеуге әлемнің 8 мемлекетінен және Қазақстанның 17 өңірінен келген 800-ге жуық қолөнерші жұмылдырылды. Ұлытаулық шеберлер өз жұмыстарында өңірге тән тарихи ою-өрнектерді, қазақтың дәстүрлі «шығыс бітпесі» әдісін және құрақ тігудің түрлі тәсілдерін шебер үйлестіріп, ұлттық өнердің өміршеңдігін айшықтай түсті.

Бүгінде әлемдік рекорд иегерлері атанған ұлытаулық құрақшылардың еңбектері «Көкмайса» этнофестивалінің сәнін келтіріп, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тағылымды көрменің маңызды бөлігіне айналды.

评论
其他材料