КГБ мен сыртқы барлауда істеген экс-министр қайтыс болды

89
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/A2mzXs3Mxiyvq3r8XSQazf1oQqFDNQLW4furtfzS.avif

Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Иванов 73 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның қайтыс болу себебі мен өзге де мән-жайлары ресми түрде жарияланған жоқ.

Сергей Иванов 1953 жылдың 31 қаңтарында Ленинград қаласында дүниеге келген. Ол Ленинград мемлекеттік университетінің филология факультетін және әскери кафедрасын тәмамдаған. 1975 жылы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызметін бастап, кейін Кеңес Одағы ыдырағаннан соң Ресейдің сыртқы барлау қызметінде жұмыс істеді.

1998 жылдың тамызында Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі директорының орынбасары болып тағайындалған Иванов кейін Ресей Қауіпсіздік кеңесін басқарды. Ал 2001–2007 жылдары Ресейдің қорғаныс министрі қызметін атқарды.

2008 жылғы президенттік сайлау қарсаңында ол Владимир Путиннің ықтимал мұрагерлерінің бірі ретінде аталған. Алайда Ресей президенті болып Дмитрий Медведев сайланып, Сергей Иванов 2009 жылы премьер-министрдің орынбасары қызметіне кірісті. Бұл лауазымда 2011 жылға дейін жұмыс істеп, кейін Ресей президенті әкімшілігінің басшысы болды.

2016 жылдан бастап Сергей Иванов Ресей президентінің табиғатты қорғау қызметі, экология және көлік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызметін атқарды. Сонымен қатар ол «Ростех» мемлекеттік корпорациясының байқау кеңесінің құрамына кірген.

评论