Көрнекті ғалым Қайрат Қадіржанов дүниеден өтті

98
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/40uQDrJMH6Pjg84WLw3AlIyVsT3o9TjWE3Rn6AbZ.jpg

Қазақстанның көрнекті ғалымы, академик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлттық ядролық орталығының бұрынғы бас директоры Қайрат Камалұлы Қадіржанов өмірден озды. Қаралы хабарды орталық ұжымы жеткізді, деп хабарлайды "Адырна".

Қайрат Қадіржанов 2006–2012 жылдары Ұлттық ядролық орталықты басқарып, еліміздің ғылымының дамуына, ғылыми әлеуетінің нығаюына және Қазақстандағы атом саласының қалыптасуына елеулі үлес қосты.

Оның басшылығымен бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы ядролық сынақ инфрақұрылымын жоюға бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Сонымен қатар атом энергетикасын дамытуға арналған маңызды жобалар іске асырылып, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық кеңейтілді.

Ұлттық ядролық орталықтың мәліметінше, Қайрат Қадіржановтың кәсіби біліктілігі, стратегиялық көзқарасы мен ғылымға адалдығының арқасында орталық еліміздің жетекші ғылыми мекемелерінің біріне айналып, халықаралық ғылыми қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды.

Ғалым радиациялық физика, радиоэкология және ядролық технологиялар саласында көптеген ғылыми еңбек жазып, осы бағыттардың дамуына елеулі үлес қосты. Әріптестері оны білікті ұйымдастырушы, парасатты басшы және өмірін ғылым мен ел игілігіне арнаған азамат ретінде еске алады.

 

评论