Оңтүстік Корея әскери тұтқындарды қабылдауға дайын екенін хабарлады

114
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sAbBje1lGa1nXHUa0PVftutTRiWqEoekYDlIrrTb.webp

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореядан шыққан әскери тұтқындарды өз елдеріне қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

DW мәліметінше, 2025 жылдың басында Украина қарулы күштері Ресейдің Курск облысы аумағында соғысқа жіберілген Солтүстік Кореяның екі әскери қызметшісін тұтқынға алған. Киев оларды қамауда ұстап отыр.

Оңтүстік Корея СІМ егер бұл әскери тұтқындар босатылғаннан кейін Оңтүстік Кореяға көшуге ниет білдірсе, оларды қабылдауға дайын екенін атап өтті. Сеулдің ұстанымына сәйкес, Солтүстік Корея азаматтары Оңтүстік Корея Конституциясы бойынша да азамат болып есептеледі және оларға елге келуге құқық беріледі.

Сонымен қатар әскери тұтқындарды Солтүстік Кореяға немесе Ресейге қайтаруға қарсы екенін мәлімдеді.

Украина тарапы мен Оңтүстік Корея арасында бұл мәселеге қатысты дипломатиялық талқылаулар жалғасуда. Алдағы уақытта жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында әскери тұтқындардың мәртебесі мен олардың ерікті түрде қоныс аудару мүмкіндігі қарастырылмақ.

 

评论