«Біз моңғол халқымен біргеміз!» Тарихшы Моңғолия қоғамынан кешірім сұрады

440
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qCwdqXSawmVbp2uwptfVWSOZu5YibWoZndwpWiOn.jpg

Әлеуметтік желілерде Моңғолиядағы қазақтар мен моңғолдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты түрлі ақпараттар таралып жатқан тұста тарихшы Жеңіс Жомарт өзіне қатысты даулы сөздерге пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның айтуынша, ол жиі сұхбат береді және кей жағдайда бейнежазбалардың жекелеген бөліктері контекстен жұлынып алынып, әлеуметтік желілерде әркімнің өз мақсатына сай таратылып жатады.

Жеңіс Жомарт Моңғолияның тарихи тұрғыдан ерекше маңызы бар мекен екенін атап өтіп, бұл елге, оның халқына және бай тарихына үлкен құрметпен қарайтынын айтты.

«Моңғолия – тарихшылар үшін қасиетті мекен. Біз бұл жердің тарихына да, халқына да, мәдениетіне де құрметпен қараймыз. Егер артық кетіп жатқан жерлеріміз болса, сіздер түсінбей қалған тұстар болса, иіліп тұрып кешірім сұраймыз. Біздің моңғол халқымен тарихымыз да, тағдырымыз да бір. Сол жерде тұрып жатқан халықтардың барлығын жақсы көреміз, сыйлаймыз. Олардың тағдыры мен тарихы өте қызық», – деді ол.

Тарихшы болашақта екі елдің мәдени байланыстарын дамытуға, тарихи аймақты одан әрі тереңірек зерттеуге уәде берді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Адырна» порталына берген сұхбатынан үзінділер тарап, олардың моңғол тілінде аударылып, кеңінен таралғаны хабарланған болатын. Жомарттың сөзінше, жарияланған үзінділер толық сұхбаттың мазмұнын толық ашпайды және кейбір ойлар контекстен тыс берілген.

评论