Дрондар Мәскеуге шабуыл жасады

167
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OAbsnIJER8EKC1af7aY4fRYcSOjeYLB6TcVftP6D.jpg

Украиналық дрон Мәскеудің мұнай өңдеу зауытына зақым келтірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің мәлімдеуінше, украиналық ұшқышсыз ұшу аппараты Мәскеу мұнай өңдеу зауыты нысандарының біріне зақым келтірген.

Оның айтуынша, соңғы тәулік ішінде Мәскеуге бірнеше мәрте дрон шабуылы жасалған. Соның салдарынан мұнай өңдеу зауытының бір нысаны бүлінгенімен, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ Собяниннің мәліметінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері түн ішінде Мәскеуге бағытталған 60 дронды атып түсірген.

Қауіпсіздік шараларына байланысты Домодедово, Шереметьево және Внуково әуежайларында ұшақтарды қабылдау мен ұшыруға уақытша шектеулер енгізілген.

Ресей тарапы мұндай шабуылдарға жауап ретінде Украинадағы әскери нысандар мен қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне тиесілі объектілерге жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен соққы жасайтынын мәлімдеді.

评论