Қазақстандық педагог халықаралық білім беру сыйлығын иеленді

98
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Fc4m0UI7JDCTJKpmSaJvg9gR4NKzQnY0fPVbOMww.jpg

Павлодар облысындағы Б. Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледждің оқытушысы Гүлмира Мешітбаева халықаралық деңгейдегі беделді марапатқа ие болды. Ол ETF New Learning Award 2026 байқауы аясында табысталатын INSPIRATION AWARD сыйлығының лауреаты атанды.

Байқауға қатысушы педагог болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау барысында қолданылатын SCAFFOLD-карталар әдісіне негізделген инновациялық тәжірибесін ұсынды. Бұл тәсіл студенттердің шығармашылық және цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Жоба аясында студенттер білім беру мақсатындағы түрлі платформалар мен сайттар әзірлеп, оларды бейнематериалдар және интерактивті тапсырмалармен толықтырады. Мұндай ресурстарды мектеп оқушылары, мұғалімдер мен ата-аналар пайдалана алады.

Гүлмира Мешітбаеваның жұмысы халықаралық сарапшылар тарапынан жоғары бағаланып, педагог өз тәжірибесін таныстыру үшін Бельгияның Брюссель қаласында өтетін халықаралық конференцияға шақырту алды.

Бұл жетістік қазақстандық педагогтердің халықаралық білім беру кеңістігіндегі әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеп, отандық білім беру саласының дамуына қосылған маңызды үлес ретінде бағалануда.

评论
其他材料