Желідегі ақау. Әлем халқы әлеуметтік парақшаларына кіре алмаған

218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pcn39L4xBofHbmFdItKhD4UPMh0AkxuZv9IaNfJL.jpg

Әлемнің бірқатар елдерінде Facebook, Instagram және WhatsApp платформаларының жұмысына қатысты ақаулар тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Downdetector сервисінің деректеріне сүйенген ақпараттар жарияланды. Желіде ақау тіркелген елдер қатарында Қазақстан да бар. 

Пайдаланушылар әлеуметтік желілердің веб-нұсқасына кіре алмау, аккаунттардан автоматты түрде шығып кету, жаңалықтар таспасының жаңартылмауы және жазба жариялау кезінде техникалық қиындықтардың туындағанын хабарлаған.

Meta компаниясының өкілі Энди Стоун X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде компания ақаулар туралы хабардар екенін және оларды жою бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біз жүйелердің жұмысын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Дегенмен барлық сервистің толық қалыпты режимге оралуына біраз уақыт қажет болуы мүмкін», – деді компания өкілі.

 

评论