Америкалық Apache апатқа ұшырады ма? Ормұз маңына тікұшақ құлады

269
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QiwEsMiCpXGicrnOVI4MdkD8CnvT0UpKEyqkNE25.jpg

Ормұз бұғазы маңында америкалық AH-64 Apache әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы The New York Times жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басылым мәліметінше, оқиға 8 маусымда болған. Экипаж мүшелері аман қалған. Бұл — қақтығыс басталғалы бері Apache тікұшағының алғаш рет жоғалуы.

Тікұшақтың Иран күштері тарапынан атып түсірілгені немесе техникалық ақаудың салдарынан құлағаны әзірге белгісіз. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, ұшқыштардың жағдайы «жақсы» екенін айтты және оқиға жөніндегі есеп 9 маусымда ұсынылатынын жеткізді.

AH-64 Apache — АҚШ армиясы мен НАТО елдерінің негізгі соққы беруші тікұшағы. Шетелдік БАҚ мәліметінше, Apache тікұшақтары, MQ-9 «Reaper» дрондары, сондай-ақ F/A-18 және F-35 жойғыш ұшақтары АҚШ қарулы күштерінің Иранның Ормұз бұғазын жабуына жол бермеуге бағытталған операциясы аясында қолданылған.

Бұған дейін Трамп Иранмен келісім алдағы екі апта ішінде жасалуы мүмкін екенін айтқан еді. Оның сөзінше, АҚШ бұл қақтығыста «жеңіп келеді» және жақын уақытта жеңіс туралы ақпарат жариялануы мүмкін.

АҚШ Конгресінің зерттеу қызметі мамыр айында Иранға қарсы операция барысында АҚШ әскері жалпы 42 әуе техникасынан (ұшақтар, тікұшақтар, дрондар) айырылғанын хабарлаған.

Пентагонның дерегінше, сәуір айының соңына қарай АҚШ Иранға қарсы әскери операцияға шамамен 25 млрд доллар жұмсаған, оның басым бөлігі оқ-дәрілерге кеткен.

相关新闻

评论
相关新闻