Қазақстанда бет-жүзін толық жапқан киімі үшін 1179 адам жауапқа тартылғен

906
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MvzDmSvsKmI17umieeaFmsVfWv7BzkqwOMAWEQ2K.webp

Елімізде бет-жүзін толық жауып тұратын киім кигені үшін 1179 адам жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісіа

«Тыйым тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын және бет-жүзді жасыратын кез келген киім түріне қатысты қолданылатынын атап өтеміз. Ішкі істер органдары Заң мен Тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып, азаматтарды қоғамдық орындарда белгіленген ережелерді сақтауға шақырады»,– деді ІІМ.

Тыйымды бұзғаны үшін жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабында белгіленген. Алғаш рет тәртіп бұзған азаматқа ескерту жасалады. Ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл тыйымның қандай да бір діни сенімді немесе жеке таңдауды шектеу үшін емес, ең алдымен, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілгенін атап өткен болатын.

评论