4 айда 588 млрд теңге инвестиция. Тоқаев Астана әкімін қабылдады

89
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NVlI6vR77ASLtgPP1XoZU8JiCwwXdJGMHMvkwFmY.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Белгілі болғандай, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы мәлімет берілді.

«Астанада барлық басты экономикалық көрсеткіш бойынша оң қарқын байқалады. Биылғы төрт айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 588 миллиард теңгені құрады. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,1 пайыз жоғары. Олардың арасында өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, көлік, сауда, логистика салаларына қатысты жобалар бар. Ал бүгінде Astana LRT жеңіл рельсті көлік желісі толық жұмыс істеп тұр. Елорданың қоғамдық көлік жүйесін жандандыру мақсатында жобаның екінші кезеңі пысықталып отыр», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Қала басшысы президентке әлеуметтік нысандардың құрылысы, тұрғын үй алаптарын көркейту жөнінде мәлімет берген. Жеңіс Қасымбек соңғы жылдары Астанада 44 мектеп салынғанын, ал жаңа оқу жылында 12 білім ошағы ашылатынын, сол сияқты 2 оқушылар сарайы мен 6 балабақшаны ел игілігіне беру жоспарланып отырғанын тілге тиек етті.

«2028 жылға дейін 2 перинатальды орталық, көпбейінді аурухана және диагностикалық кешеннің құрылысы аяқталмақ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы, Smart City жобасының іске асырылуы туралы баяндалды. 2026 жылы 173 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру, 1,1 миллион түп жасыл желек егу көзделген», – делінген хабарламада.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс Қасымбектің қызметіне оң баға беріп, Астананы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

评论