Қарағанды облысында Құрбан айт қарсаңында ет бағасына бақылау күшейтілді

155
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/h85YbBW3MOaRKV6HhR9JQbOw1jSMdDp77AIKgroY.jpg

Қарағанды облысы аумағында Құрбан айт мерекесі жақындаған сайын құрбандыққа шалынатын мал мен ет өнімдерінің бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында бақылау шаралары күшейтілді. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандары мал сою пункттерін аралап, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер өкілдерімен бірқатар түсіндіру кездесулерін өткізді.

Кездесулер барысында халықты сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ мереке күндері нарықтағы бағаның тұрақтылығын сақтау мәселелері жан-жақты қарастырылды.

— Біз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен және сауда өкілдерімен кездестік. Қазіргі таңда қой етінің орташа бағасы келісіне шамамен 4 мың теңге деңгейінде қалып отыр. Бір жасар қозының бағасы орта есеппен 80 мың теңгені құрайды. Барлық нарық қатысушыларына сұраныстың артуын теріс пайдаланбай, бағаны негізсіз көтермеу жөнінде қатаң ескерту жасалды, — деді Әнуар Төлебеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бүгінде өңірде ет қоры жеткілікті көлемде қалыптасқан, сондықтан мереке кезеңінде тапшылық туындауы күтілмейді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан мереке күндері бағаға тұрақты мониторинг жүргізу жалғасатыны атап өтілді. Қазіргі таңда нарықтағы ахуал тұрақты әрі қатаң бақылауда.

评论
其他材料