Макронның резиденциясында тінту жүргізілді

74
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZoWx5BvMenW9w6e283HixcDA4w9JatnMcBC5wssq.jpg

Франция президенті Эммануэль Макронның ресми резиденциясында тінту жүргізілді. Бұл туралы Le Monde француз газеті жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Басылым мәліметінше, 21 мамыр күні Париждің екі қаржылық судьясы Елисей сарайында тергеу әрекеттерін өткізген. Іс Пантеонда өткен мемлекеттік еске алу рәсімдерін ұйымдастыруға бөлінген келісімшарттарға қатысты.

Тергеу аясында соңғы жылдары Францияның ұлттық Пантеонында өткен бірқатар салтанатты шараларды ұйымдастырған Shortcut Events компаниясының қызметі тексерілуде. Бұл рәсімдерге президент Эммануэль Макронның өзі де қатысқан.

Le Monde дерегіне сәйкес, бұған дейін 14 сәуірде жүргізілген алғашқы тінту әрекеті нәтиже бермеген. Сол кезде Ұлттық қаржылық прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөлім өкілдері Ұлттық ескерткіштер орталығында, Shortcut Events компаниясының кеңселерінде және іс фигуранттарының үйлерінде тексеру жүргізген. Алайда Елисей сарайына кіруге рұқсат етілмеген.

Президент әкімшілігі бұл шешімді Франция Конституциясындағы президент резиденциясының қол сұғылмаушылығы туралы баппен түсіндірген.

Қазіргі уақытта Франция билігі іс бойынша ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.

评论
其他材料