Ел спортшылары Азия чемпионатында 16 медаль иеленді

217
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZFQ2U9vMg77iOI3fzD7w6TdO8CaMXBztameOva0B.jpg

Қазақстан құрамасы бокстан Ташкентте өткен U17 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын 16 медальмен аяқтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, қазақстандық боксшылар құрлық біріншілігінде 8 алтын, 3 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Нұрасыл Ғалым (50 кг), Хатшепсут Садвакасова (50 кг), Эмир Мұхит (60 кг), Аяулым Оспанова (60 кг), Диана Надырбек (75 кг), Әлібек Алпамыс (80 кг), Сабыржан Сағым (+80 кг), Жансая Ержан (80 кг) Азия чемпионы атанған. Ал күміс жүлдені Балым Ғабитқызы (60 кг), Мейіржан Жүніс (63 кг), Ислам Сүлейманоғлы (66 кг) иеленді.

Қола медаль алғандар қатарында Милана Иншина (46 кг), Бекхан Оразбай (52 кг), Нұрислам Оңалбек (57 кг), Розалия Вайдеман (57 кг), Айлин Ходжамбердиева (70 кг) бар.

评论