ЖИ көмегімен қатерлі ісікті анықтаған. АҚШ-та қазақстандық оқушы марапатқа ие болды

85
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gbshjAhKHnNe3Fz3vpZ3aMqdm9SebSOvAgBnnSFw.webp

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

АҚШ-тың Phoenix қаласында Regeneron ISEF 2026 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік көрмесі аяқталды. Әлемдегі ең беделді ғылыми додаға биыл 60-тан астам елден 1 700-ге жуық жас зерттеуші қатысты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Қазақстан атынан 7 оқушы бес ғылыми жобаны ұсынып, ел намысын қорғады. Байқау қорытындысында Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай арнайы жүлделермен марапатталды.

Ол «Машиналық оқыту негізінде қатерлі ісіктерді автоматты түрде анықтау жүйесі» атты ғылыми жобасымен MAWHIBA Foundation қорының 400 доллар көлеміндегі ақшалай сыйлығын және Сауд Арабиясының Король Фахд атындағы Мұнай және пайдалы қазбалар университетіне (KFUPM) білім беру грантын иеленді. Жоба жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы қатерлі ісіктерді ерте әрі дәл анықтауға бағытталған.

Regeneron ISEF – мектеп оқушылары арасында өткізілетін әлемдегі ең ірі ғылыми-инженерлік көрмелердің бірі. Бұл байқауды халықаралық ұйымдар мен ірі технологиялық компаниялар қолдайды. Солардың қатарында MAWHIBA Foundation қоры бар. Бұл қор Сауд Арабиясында дарынды балалар мен жас ғалымдарды қолдауға бағытталған және ғылым, технология мен инновация салаларындағы таланттардың халықаралық деңгейде дамуына жағдай жасайды. Қазақстан 1999 жылдан бері осы халықаралық байқауға ұлттық серіктес ретінде тұрақты қатысып келеді. Қазақстанның қатысуы жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету және халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

相关新闻

评论
相关新闻
其他材料