Жошы ұлысының мұрасын зерттеу. 20 елден 350 адам қатысатын симпозиум өтеді

190
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/88V3V40P5qvwFhQL1xwJDovqoHJ0txmbGqALjEul.jpg

19-20 мамыр күндері Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің моделі: тарих, археология, мәдениет және бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Іс-шараға Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және Таяу Шығыстың 20-дан астам елінен шамамен 350 делегат қатысады. Олардың қатарында ғалымдар, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, саясаттанушылар, музей қызметкерлері мен халықаралық ұйым өкілдері бар. Симпозиум Алтын Орда мұрасы мен оның Орталық Еуразия өркениетінің қалыптасуындағы рөліне арналады. Бағдарлама аясында пленарлық отырыс және он арнайы ғылыми секция жұмысы ұйымдастырылады.

Қатысушылар Алтын Орданың саяси тарихын, археологиялық зерттеулерді, мәдени мұраны, тарихи бірегейлік мәселелерін және дала өркениетінің аймақ тарихындағы орнын талқылайды. Шараны Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі, сыртқы істер министрлігі және мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай халықаралық жиындар Жошы ұлысы мұрасын зерттеуге және Қазақстанның тарихи дипломатиясын дамытуға мүмкіндік береді.

评论