Түркияда қаза тапқан азамат. Жаңа дерек жарияланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/X1t5OvetwkAIpI2PjfICnMV81oVtZgTm6qgXmBun.webp

Анталия қаласында болған жол-көлік оқиғасына қатысты Қазақстан министрлігі жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасының СІМ Түркия тарапы ұсынған ресми деректе қаза тапқан азамат Қырғызстан Республикасының азаматы екенін хабарлаған.

Оқиға туралы Қырғызстанның ресми органдары да ақпарат таратты.

Бұған дейін түрік бұқаралық ақпарат құралдарында Анталия маңындағы Белек тас жолының Серік ауданында такси мен велосипед соқтығысқан жол апаты болғаны хабарланған еді. IHA агенттігінің дерегінше, велосипед тізгіндеген 27 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмған.

Аталған оқиғадан кейін кей жергілікті жарияланымдарда қаза тапқан адамның Қазақстан азаматы болуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Алайда бұл дерек ресми түрде расталмады.

Қазіргі уақытта Түркия полициясы жол-көлік оқиғасының нақты мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

评论