Шығыс Қазақстандағы Артемьев шахтасында жұмысшы көз жұмды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HPnKKt2Z5uZpTFYmxwMbLrCnwoAs6z4tLMXJ7HEX.jpg

9 мамырда Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасы аумағында қайғылы оқиға орын алды. KAZ Minerals компаниясының қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна”.

«2026 жылғы 9 мамырда «Востокцветмет» ЖШС-нің Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-сору және желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, өмірімен сыйыспайтын жарақат алған», – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғаны атап өтілді.

«Қазір тергеу жүргізілуде. Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі», – деп хабарланды.

评论