Баку марафоны – 2026. Қазақстандық Шырын үшінші орын иеленді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hu66HGnvaTweYzinHCvHxH61AvyOwYMy2XDKHmMA.webp

Әзербайжанда өткен «Баку марафоны – 2026» жарысында қазақстандық спортшы жүлделі орынға ие болды. Биыл алғаш рет толық 42 шақырымдық қашықтықта ұйымдастырылған додаға 25 мың адам қатысты, деп хабарлайды “Адырна” порталы report.as-ға сілтеп.

Ерлер арасындағы жарыста түркиялық Ахмед Алканоглу жеңімпаз атанды. Екінші болып украиналық Виталий Шафар келсе, үшінші орынды Қырғызстан өкілі Ырскелди Акеров иеленді.

Ал әйелдер бәсекесінде ресейлік Елена Толстый мәреге бірінші жетті. Екінші орын әзербайжандық Анна Юсуповаға бұйырды. Қазақстан намысын қорғаған Шырын Әкімбай үшінші болып келіп, ел қоржынына қола жүлде салды.

Айта кетейік, марафон Гейдар Әлиев қоры бастамасымен өткізілді. Биыл жарыс алғаш рет жартылай марафон (21 км) емес, толық 42 шақырымдық қашықтықта ұйымдастырылды.

评论