Сауран ауданында орналасқан жиһаз цехында ірі өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың шатыры толықтай дерлік жанып жатқан. Өрттің ауқымына байланысты оған бірден жоғары дәрежелі ранг берілген.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртті сөндіруге 110-нан астам адам мен 22 техника жұмылдырылды. Олардың қатарында құтқарушылар, жергілікті әкімдік қызметкерлері және апаттар медицинасы орталығының мамандары болды.
"Өрт толықтай сөндірілді. Жалын шамамен 1300 шаршы метр аумақты қамтыды. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады Түркістан облыстық ТЖД.
