Дамаскіде Башар Асад пен оның айналасындағы тұлғаларға іс қозғалды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rBYKOysHxS18xXSmObiNLj78HxGvlcQMNOSiB6lA.jpg

Сирия астанасы Дамаскіде экс-президент Башар Асад пен оның ағасы Махер Асадқа сырттай сот процесі басталды. Бұл туралы «Анадолу» жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Іс Әділет сарайында орналасқан Төртінші қылмыстық сотта қаралуда. Іске жоғары лауазымды әскери шенеуніктер мен қауіпсіздік қызметі өкілдерінің де есімдері енгізілген. Атап айтқанда, отырыста Башар Асад пен Махер Асадтан бөлек, Мұхаммед Айман Айюш, бұрынғы қорғаныс министрі Фахд Касем әл-Фрейдж, Дераа әскери барлау қызметінің басшысы Луай әл-Али, Дераа барлау бөлімшесінің басшысы Фафик Насир және Талял Хусейн командирінің есімдері аталған.

Мәліметке сәйкес, аталған тұлғалардың барлығы шетелге қашып кеткендіктен, олардың ісі сырттай қаралуда. Сот қолданыстағы заңнамаға сәйкес айып тағылғаны жөнінде оларды хабардар ету рәсімін бастайды.

Айта кетейік, отырыс Сирия Араб Республикасының бас прокурорының орынбасары Хасан ат-Трубенің төрағалығымен өтуде.

评论