Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Мұхтар Шахановтың мәйіті Түркістан қаласына жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әуежайда өңір басшысы Нұралхан Көшеров бастаған ресми өкілдер мен зиялы қауым өкілдері қарсы алды. Қоштасу рәсімдерінен кейін марқұмның денесі туған жері Отырар ауданына жеткізілді.
Мәліметке сәйкес, ақынның соңғы сапары киелі Арыстан баб кесенесі маңында аяқталмақ. Марқұмның туған жерінде жерлеу рәсіміне дайындық жұмыстары жүргізілуде.
"Мұхтар Шаханов ағамыздың асыл сүйегі бүгін кіндік қаны тамған Шілік ауылындағы қара шаңырақта түнейді.
Мұхтар Шахановтың шығармашылық үйін ақынның 75 жылдығына орай, 9 жыл бұрын меценат Серікжан Сейітжанов сый ретінде салдырғанын айту парыз", - деп жазды Айнаш Есәлі.
