Қарағанды облысында Қарағанды қаласының мектептерінде азаматтық тәлімгерліктің жарқын әрі маңызды жобасына бастау берілді.
Жаңа жоба мектепті, қоғамды және ардагер-тәлімгерлерді ортақ мақсат — заңға бағыну, әділдік пен азаматтық кемелдік саналы өмірлік таңдау мен қалыпты құндылыққа айналатын ұрпақты тәрбиелеу жолында біріктіретін маңызды бастама болуға бағытталған. Бүгінгі таңда бұл бастама қаладағы көптеген мектептерде жүзеге асырылып, 1500-ден астам оқушыны қамтып отыр.
Бұл бастама «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілетудің маңызды бөлігіне айналып, өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру жолындағы тағы бір қадам болды.
Жобаның басты мақсаты — оқушыларға заң, әділдік және жауапкершілік туралы жай ғана айтып қою емес, керісінше, диалог, жеке үлгі және тәлімгерлік арқылы олардың бойында берік адамгершілік құндылықтарды, заңға құрметті және құқықтық тәртіптің маңызын түсінуді қалыптастыру.
Бүгінде балалардың жанында қоғамға қызмет етудің, абыройдың, тәртіп пен жауапкершіліктің мәнін терең түсінетін адамдардың болуы өте маңызды.
Жоба Қазақстан Республикасы Бас прокуроры тарапынан оң бағаланып, оны жүзеге асыру тапсырылды.
Қарағанды облысында бұл маңызды миссияны прокуратура органдарының және құқық қорғау жүйесінің ардагер-тәлімгерлері, білім беру саласының өкілдері мен қоғам белсенділері қолдады.
Бастама оқушылардың қоғамдық санасын қалыптастыруға, буллингтің, зорлық-зомбылықтың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың тұлғалық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ қауіпсіз, сенімді әрі әр баланы қолдайтын білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Азаматтық тәлімгерлік — бұл тәжірибе мен болашақтың, қағидаттар мен іс-әрекеттердің, сөз бен жеке үлгінің арасын жалғайтын көпір.
Жаңа жоба мектепті, қоғамды және ардагер-тәлімгерлерді ортақ мақсат — заңға бағынатын, әділдік пен азаматтық көзқарасты ұстанатын ұрпақты тәрбиелеу жолында біріктіретін маңызды бастамаға айналмақ.


