Ұстаз бен шәкірт арасындағы дау. Продюсер Алагөзова әншісі туралы айтты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Zwj8YYyANsc2t5dzsBTXR03WmN3tPh9bBZCeRHBE.jpg

Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасында КешYou тобының 29 мамырға жоспарланған мерейтойлық концертіне қатыспайтынын жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әнші 2006 жылы топтың алғашқы құрамында өнер көрсетіп, продюсері Баян Алагөзова болған жобада шығармашылық жолын бастаған. Кейін ол жеке мансабына көңіл бөліп, бірнеше рет топтан кетіп, қайта оралған. Өз жазбасында Мөлдір Әуелбекова бұл шешімді саналы түрде қабылдағанын атап өтті.

«Менсіз де бұл кеш тамаша өтетініне сенімдімін. Осылайша шығармашылық жолымдағы бұл кезеңді жабамын», – деді ол.

Сонымен қатар әнші 22 жылдық шығармашылық жолында түрлі кезеңдерден өткенін айтып, сахнада ғана емес, басқа салаларда да еңбек еткенін жеткізді. Ол әріптестеріне және тыңдармандарына алғыс білдіріп, КешYou концертіне қатыспайтынын айтты. Әнші тыңдарманын жеке концертінде кездесуге шақырды.

Алайда бұл мәлімдемеге продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде қатаң жауап берді. Ол Әуелбекованы сынға алып, оның шешімін күтпеген әрекет деп бағалаған.

«Енді саған мені және менің еңбегімді елемеуге жол бермеймін. Оның неге сатқын екенін айтатын уақыт келген шығар», – деп жазды продюсер.

Айта кетейік, аталған жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Picture background

评论