Моңғолия президенті Қазақстанға келді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NWxcQUBV4umMMOvh387Rlguvx1TTapH1A0qCaNy7.jpg

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол 20–23 сәуір аралығында Астана қаласында болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия басшысын арнайы шақырған.

Президентті Астана қаласындағы халықаралық әуежайда Қазақстанның СІМ Ерлан Көшербаев және Моңғолияның Қазақстандағы елшісі қарсы алды.

Моңғолия Президенті әкімшілігінің мәліметінше, сапар аясында екі ел басшыларының жеке кездесуі, ресми келіссөздері жоспарланған. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарына бірлескен мәлімдеме жасау көзделіп отыр.

Келіссөздер барысында тараптар үкіметаралық және мекемеаралық бірқатар құжаттарға қол қоймақ. Бұл құжаттар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы құқықтық негізді нығайтуға және екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

评论