Шекспирдің Лондондағы үйінің нақты орны анықталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DXIUc8O1GMylS3lenV5vErbcttYhxxkfq0upRuWp.webp

Лондон ғалымдары Уильям Шекспирдің қаладағы жалғыз меншігі болған үйдің нақты орнын анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.

Алайда тарихи ғимараттың өзі бүгінге дейін сақталмаған.

Зерттеуші Люси Манро Блэкфрайерс ауданындағы архивтік құжаттарды зерттеу барысында 1668 жылы жасалған көне картаға тап болған. Ол картада 1613 жылы Шекспир сатып алған үйдің нақты орны мен аумағы көрсетілген.

Мәліметтерге сәйкес, Шекспир бұл үйді өмірінің соңғы жылдары, өлерінен үш жыл бұрын сатып алған. Үй қазіргі Лондон Сити аумағындағы Блэкфрайерс маңында, «Глобус» театрына жақын жерде орналасқан.

Бұған дейін зерттеушілер драматург бұл кезеңде туған қаласы Стратфорд-на-Эйвонға толық оралған деп есептеген. Алайда жаңа дерек Шекспирдің Лондонда жиі болып, театр өміріне белсенді араласқанын көрсетеді.

Қазіргі таңда ол үй тұрған аумақта XIX ғасырда салынған ғимараттар орналасқан. Дегенмен Сент-Эндрюс-Хилл көшесіндегі Шекспирге арналған көк ескерткіш тақта дәл сол тарихи орынға қойылғаны анықталды.

评论