Алматыда «TEO CUP XV» республикалық дебат турнирі өтті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1iJvsrZ7QNSr6BPdGsJzSDKa4A68EU23FkbHdSPy.jpg

2025 жылғы 11–12 сәуір күндері Алматы қаласындағы Нархоз университетінде еліміздегі ең ауқымды пікірсайыс алаңдарының бірі — «TEO CUP XV» республикалық дебат турнирі жоғары деңгейде өтті. Биылғы турнир «Жасанды интеллект ғасыры — ұлттың жаңа бағыты» тақырыбында ұйымдастырылды.

Аталған тақырып Қазақстан Президентінің Жарлығымен 2026 жылдың «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялануына байланысты өзектендірілді. Турнир барысында қатысушылар цифрландыру, жасанды интеллект, еңбек нарығының трансформациясы және деректер қауіпсіздігі сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Турнирге еліміздің 9 өңірінен келген 136 фракция (272 спикер) қатысып, жалпы саны 700-ге жуық адамды қамтыды. Оның ішінде:
• 72 фракция — студенттік лига
• 64 фракция — мектеп лигасы

«TEO CUP XV» турнирі мультиформат жүйесінде ұйымдастырылып, қатысушылар БПФ, АПФ және Линкольн–Дуглас (ЛД) форматтары бойынша бақ сынады. Бұл турнирдің мазмұндық деңгейін арттырып, қатысушыларға әртүрлі пікірсайыс модельдерінде өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.

ТЭО ЖПМ президенті Сұлтан Қазбекби турнирдің маңыздылығына тоқталып:
«TEO CUP — республикадағы ең ірі пікірсайыс турнирлерінің бірі. Біз бұл турнирге бір ай бұрын дайындықты бастап, демеушілер мен серіктестерді тартып, жастар үшін сапалы интеллектуалды алаң қалыптастыруды мақсат еттік. Биылғы турнир жоғары деңгейде өтіп, пікірсайыстың жастардың сыни ойлау қабілетін дамытудағы маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді», — деді.

Жеңімпаздар (студенттік лига)

Альфа лига:
1-орын — #sdugreatagain — 300 000 теңге
2-орын — VVV — 200 000 теңге
3-орын — «Ханша» — 100 000 теңге
3-орын — «Гео/Джт» — 100 000 теңге

Бета лига:
1-орын — «Қаған» — 100 000 теңге
2-орын — «Ирина Кайратовна» — 60 000 теңге
3-орын — «СА-на связи» — 30 000 теңге
3-орын — «На хабаре» — 30 000 теңге

Жеке номинациялар:
Ең үздік спикер — Алипчеева Махаббат — 80 000 теңге
Үздік спикер — Абдрахман Серік — 40 000 теңге

Жеңімпаздар (мектеп лигасы)

1-орын — «Айға қарап» (Бахит Аймен, Орынбаев Рамазан) — Нархоз университетінің 4 жылдық білім гранты
2-орын — «Fatality» — 50 000 теңге
3-орын — «Отты жылдар» — 30 000 теңге
3-орын — «Матадор» — 30 000 теңге

Жеке номинациялар:
Ең үздік спикер — Сапабек Алтынай — 50 000 теңге
Үздік спикер — Есенғали Жұлдызай — 30 000 теңге

«TEO CUP» турнирінің 15 жыл бойы жоғары деңгейде үздіксіз өткізіліп келе жатуы — оның еліміздегі ең беделді әрі тұрақты пікірсайыс алаңдарының бірі екенін дәлелдейді. Мектеп лигасы бойынша жеңімпаз фракцияға Нархоз университеті тарапынан 4 жылдық білім грантының табысталуы — пікірсайыс қозғалысын дамытуға және дарынды жастарды қолдауға бағытталған маңызды қадам.

Сонымен қатар, студенттік лига жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және арнайы марапаттармен марапатталып, олардың интеллектуалдық еңбегі жоғары деңгейде бағаланды.

Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдірген демеушілерге алғыс білдіреміз:
• Нархоз университеті
• Alikhan company
• Rice group
• Qulpynai
• Natige
• Abdet consulting
• AIplus
• Nomad empire company

«TEO CUP XV» турнирі жастардың сыни ойлау, көшбасшылық және шешендік қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды интеллектуалды алаң ретінде өз мәресіне жетті.

评论
其他材料