Тағы бір тұрғын үйден өрт шықты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cJYFqEf8sA7WDm68dHEfCSMX40SEtLnBk6YlPGYc.jpg

Астанада Нұра ауданында орналасқан Күлтегін көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт электр қалқанынан шығып, шахта арқылы бірінші қабаттан оныншы қабатқа дейін таралған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар подъезден қою түтінді байқаған.

Құтқару жұмыстары барысында автосатының көмегімен 3 адам эвакуацияланды. Олардың екеуі балалар болған. Сонымен қатар баспалдақ арқылы арнайы құтқару қалпақшаларын пайдаланып тағы 3 адам шығарылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын елордадағы тұрғын үйдің бірінде өрт шығып, балалар көз жұмған еді.

评论