Қазақстандықтар Мәди Ахметовті әскерге жіберуді талап етіп, петиция жариялады

12727
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/fotoram.io_.jpg
Қазақстандықтар ең жас мәжілісмен Мәди Ахметовтің әскерде қызмет етпегеніне наразылық білдіріп, петиция жариялады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 
"ҚР Конституциясының 36-бабына сәйкес Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының 25-бабына сәйкес қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери қызметшілердің әскери қызметте болуының шекті жасы - қырық бес жас. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Абылайұлы Ахметов 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған, жасы 26-да, әскерге шақырылу жасы 18-ден 27-ге дейін. Бүгінгі таңда Мәди Ахметов Отан алдында өз борышын өтемеді және әскерде қызмет еткен жоқ. ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан ҚР Конституциясының 36-бабына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының 25-бабына сәйкес Мәди Абылайұлы Ахметовті әскерге шақыруды талап етеміз",- делінген петицияда.

"Адырна" ұлттық порталы

评论