Су тасқынынан бір тұрғын жоғалып кетті

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lXz9TKSyadSKcHUtD8v8mrPKzvccO61geCWxBsxj.webp

Ақмола облысындағы Старый Колутон ауылында өзеннің тасуына байланысты бір адам жоғалып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, елді мекенде өткел мен жол мәселесі ушығып тұр. Тұрғындардың айтуынша, ауылға кіріп-шығу мүмкін болмай, адамдар жұмысқа бара алмай қалған. Сонымен қатар азық-түлік пен дәрі-дәрмек алу да қиындаған.

Осы жағдай аясында ауыл тұрғынының жоғалғаны белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам таңертең жұмысқа шыққаннан кейін қайта байланысқа шықпаған.

Ақмола облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, ер адамның үйден шыққаны анықталған, полицияға оның туысы арызданған. Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жүргізілуде.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздеу жұмыстарына екі сүңгуір тобы жұмылдырылған. Олар қайықтармен өзен аумағында жұмыс жүргізіп жатыр.

Жағдай бақылауда.

评论