Атырау облысының Мақат ауданында қызметтік міндетін атқарып жүрген полицейлерге бір топ жас шабуыл жасаған. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Мәлімет бойынша, тәртіп сақшылары қызмет барысында заңға қайшы әрекеттің алдын алмақ болған. Осы сәтте бір топ азамат агрессия танытып, полицейлерге күш көрсеткен. Соның салдарынан 2 қызметкер жарақат алған.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар барлық адамдар анықталып, оларға қатысты тиісті процессуалдық шаралар қабылданды.
Аталған дерек бойынша "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
