Juz40 олимпиадасының финалы аяқталды: Қазақстанның 10 мыңнан астам оқушысы арасынан үздіктер марапатталды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hl99lWE9zB4tQujCjOCdBzmXqVirYoztyRkoGqc7.jpg

Алматы қаласында JUZ40 EdTech компаниясы ұйымдастырған республикалық олимпиада сәтті аяқталды. 24–27 наурыз аралығында өткен финалға еліміздің барлық өңірінен іріктеліп шыққан 100 үздік оқушы қатысты. Олимпиадаға қатысу толық тегін - барлық шығынды JUZ40 компаниясы өз мойнына алды.

Олимпиада туралы

Іріктеу кезеңі 9–21 ақпан аралығында онлайн форматта өтіп, оған Қазақстанның барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан 10 мыңнан астам оқушы қатысты. Қатысушылар математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы және бейіндік пәндер бойынша тест тапсырды. Іріктеу қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен 100 оқушы Алматыдағы финалға жолдама алды.

Финал бағдарламасы

Үш күнге созылған финал тестілеумен шектелмеді. Ашылу салтанаты SDU университетінде, жабылу және марапаттау рәсімі NURORDA мектеп-лицейінде өтті. Бағдарлама аясында оқушылар жоғары оқу орындарына кампус-тур жасап, болашақ мамандығы туралы бағдар алды. Финалистерге үш күн бойы жатын орын, тамақтану және қауіпсіздік толық қамтамасыз етілді.

Жеңімпаздар

Олимпиаданың жүлде қоры 2 миллион теңгеден асты:

● 1-орын — Темирханова Айгерим, Маңғыстау облысы — 1 000 000 теңге,

● 2-орын — Аманжол Айтбай, Қызылорда облысы — 700 000 теңге

● 3-орын — Сапаргалиева Даяна, Солтүстік Қазақстан облысы — 500 000 теңге

Жеңімпаздарға және пәндік комбинациялар бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларға JUZ40 орталығында 100% тегін оқу мүмкіндігі берілді. Қалған финалистерге 50%, 30% және 20% көлемінде оқу жеңілдіктері ұсынылды.

 

 

Компания басшысының пікірі

«10 мыңнан астам оқушының ішінен іріктеліп шыққан 100 финалист үш күн бойы білімін, төзімділігін және ерік-жігерін көрсетті. JUZ40 сегіз жыл бойы 180 мыңнан астам оқушымен жұмыс жасады, осындай дарындарды көрген сайын таңдаған жолымыздың дұрыс екеніне көзіміз жетеді. Біздің мақсатымыз - қаржылық мүмкіндігіне қарамастан, әрбір дарынды оқушыға жол ашу. Бұл олимпиада алдағы уақытта да жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасады», - деді JUZ40 EdTech компаниясының негізін қалаушы Мусаева Жұлдызай.

 

 

         Жұлдызай Мусаева, JUZ40 EdTech компаниясының негізін қалаушы

Маман пікірі

«Олимпиада оқушылар үшін тек білімін тексеру емес, академиялық жолындағы алғашқы үлкен қадамы болды. Финалистер бейіндік пәндермен қатар негізгі пәндерге де дайындалу қажеттігін терең түсінді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз», - деді JUZ40 компаниясының математикалық сауаттылық пәнінің жетекші мұғалімі Дулат Мұратов.

评论
其他材料