Путин кәсіпкерлерге Украинаға қарсы соғысқа қаржы салуды ұсынды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PDlFv29pcZHR63r8JDgiDfjgyje0N78sHXa3cZLc.jpg

Ресей президенті Владимир Путин 26 наурызда ірі кәсіпкерлермен жабық кездесуде бюджетке ерікті жарналар енгізу арқылы Украинаға қарсы соғысты қаржыландыруды ұсынды. Бұл туралы The Bell дереккөзіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Кездесу барысында Путин Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының съезі шеңберінде соғысты жалғастыру және Ресей әскерін Донецк облысының әкімшілік шекарасына дейін жетелеу ниетін білдірген. Кейін ол кәсіпкерлерге бюджетке ерікті жарналар енгізуді ұсынған. The Bell дереккөзі Путиннің сөзін «соғысты жалғастырамыз» және «Донбасс шекарасына дейін жетеміз» деп сипаттаған.

Бастаманы «Роснефть» компаниясының басшысы Игорь Сечин көтергені хабарланды. Ол кездесуден бір күн бұрын Путинге ел үшін қиын кезеңде бизнесті ынталандыру идеясын айтып, хат жолдаған. Қаржыны тарту механизмі ретінде әскери облигацияларды шығару ұсынылған.

Екі дереккөздің айтуынша, кәсіпкер Сүлейман Керимов бірден келісіп, бюджетке 100 млрд рубль салуға уәде берген. Басқа бір ірі кәсіпкер де Путиннің ұсынысын қолдаған.

评论
其他材料