Қайта жаңғырған мүсін. Трамп даулы Колумб мүсінін Ақ үйге қайта орнатты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HSmXBCVBwpxUQb67HfSDX1ZgtIfICEdTO2G3JF5R.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үй аумағына теңіз зерттеушісі Христофор Колумбтың мүсінін орнатты, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұл мүсін 1984 жылы Рональд Рейган Балтиморда салтанатты түрде ашқан ескерткіштің қайта жасалған нұсқасы. Аталған ескерткіш 2020 жылы наразылықтар кезінде құлатылған еді.

The Washington Post басылымының хабарлауынша, мүсіннің тұғырындағы тақтайшада: «2020 жылғы 4 шілдеде жойылды. 2022 жылы қайта жаңғыртылды» деп жазылған.

2020 жылдың жазында афроамерикалық Джордж Флойдтың қазасынан кейін АҚШ-та жаппай наразылықтар өтті. Black Lives Matter қозғалысының жақтастары тарихи тұлғалардың ескерткіштерін қорлады. Олардың пікірінше, бұл тұлғалар нәсілдік азшылықтарды қысымға алған.

Белсенділер Христофор Колумб ескерткіштеріне де қарсы шықты. Себебі оның экспедициялары Жаңа дүниенің еуропалық отарлануына жол ашқан деп есептеледі.

The Washington Post атап өткендей, соңғы жылдары кейбір ғалымдар мен белсенділер америкалықтарды Колумбты дәріптеуден бас тартуға шақырып келеді. АҚШ-тың кейбір штаттары Колумб күнінің орнына Түпкі халықтар күнін атап өтеді. 2021 жылы бұрынғы президент Джо Байден бұл мерекені алғаш рет ресми түрде атап өткен.

Ал Дональд Трамп Христофор Колумб пен өзге де тарихи тұлғалардың ескерткіштерін бұзу әрекеттерін бірнеше рет сынға алған. 2024 жылы ол Колумбты «нағыз америкалық қаһарман» деп атаған декларацияға қол қойған.

评论
其他材料