Маңғыстау облысында сайлау учаскелері маңында ұлттық ойындар ұйымдастырылуда

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/g7NV79c5xFUt5XyePT2L1cWT4cSvPjTWtlNthQ1u.jpg

Маңғыстау облысында референдум күні сайлау учаскелері маңында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік атмосфера сыйлауда.

Атап айтқанда, №40 сайлау учаскесінде гір тасын көтеру спорты бойынша жарыс өтсе, №42 учаскеде қол күресінен (армрестлинг) сайыс ұйымдастырылды. Ал №44 учаскеде тоғызқұмалақ ойынында зияткерлік ұлттық ойынға қызығушылық танытқан тұрғындар бақ сынауда. №45 учаскеде асық ату жарысы өткізіліп, жастар мен балалар белсенді қатысуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға, сондай-ақ тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бастама азаматтардың қоғамдық шараларға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған.

– Референдум күні тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасаумен қатар, ұлттық ойындарға да қатысып жатыр. Мұндай іс-шаралар халықтың бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлкен ықпал етеді, – деді тұрғын.

Жарыста қатысушылар ойын арқылы күшін мен ептілігін көрсетті.

– Мен гір тасын көтеру жарысына қатыстым. Осындай ұлттық спорттық шаралардың ұйымдастырылғаны өте жақсы бастама. Халыққа жақсы көңіл-күй сыйлайды, – деді жарысқа қатысушылардың бірі.

Айта кетейік, мұндай мәдени-спорттық іс-шаралар тұрғындардың белсенділігін арттырып, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

评论