Ираннан Қазақстанға "улы жаңбыр" келе ме? – Министр жауап берді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jQONYJoWKgA7eQVEzqzjglqxzx1DTV46Gpg1y5v1.jpg

Ирандағы мұнай нысандарына жасалған соққылардан кейін әлеуметтік желілерде «қара түтін аралас бұлттар Қазақстанға жетіп, қышқыл жаңбыр жауады» деген ақпарат тарады. Осы жайтқа қатысты Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді, деп хабарлайды "Адырна".

«Орталық Азияда қышқылды жаңбыр жауады деген қауіп жоқ. Қазгидрометтен хабарлағандай, бізде алдағы апталарда желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады», - деді Нысанбаев Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Иран аумағының үстінде «улы бұлттар» түзілгені және олар Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін деген ақпарат тараған. «Улы жаңбыр» көбіне өнеркәсіп, энергетика және көлік көздерінен шығатын күкірт пен азот оксидтерінен пайда болады және әдетте ластанған аймақтарға жақын түседі.

评论