Әлемдік компанияда еңбек етіп жүрген қазақ қызы

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9PvDW0yJsm6Rjjq5glzoPcxk9eputH2qVmjnsCnH.jpg

Бүгінде әлемдік технологиялық алпауыт компанияларда еңбек ететін қазақ жастарының қатары артып келеді. Солардың бірі – Шымкент қаласында дүниеге келген Нұрлы Күздікбай. Қазіргі таңда ол Лондонда орналасқан Amazon компаниясында дата-аналитик қызметін атқарады.

Нұрлы Күздікбайдың кәсіби жолы бірден ІТ саласынан басталған жоқ. Ол бастапқыда құрылыс инженериясы мамандығы бойынша білім алған. Алайда уақыт өте келе өзінің қызығушылығы ақпараттық технологиялар мен деректерді талдау саласына жақын екенін түсінеді. Осылайша ол жаңа бағытты меңгеруге шешім қабылдайды.

ІТ саласына бет бұрған Нұрлы дата-аналитика негіздерін түрлі онлайн курстар арқылы үйренді. Өздігінен білім алып, деректерді өңдеу, талдау және визуализациялау құралдарын меңгере бастайды. Қысқа уақыт ішінде бірнеше практикалық жоба жасап, кәсіби портфолиосын қалыптастырады. Бұл оның тәжірибесін көрсетіп қана қоймай, халықаралық компаниялардың назарын аударуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде Нұрлы Күздікбай әлемдегі ең ірі технологиялық компаниялардың бірі саналатын Amazon құрамына қосылып, дата-аналитик ретінде жұмысқа орналасты. Бүгінде ол компаниядағы деректерді талдау, бизнес көрсеткіштерін зерттеу және шешім қабылдауға көмектесетін аналитикалық есептер дайындау бағытында еңбек етіп келеді.

 

评论
其他材料