Иранның Ормуз бұғазын жапқаны рас па?

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/R5fKTTiR6kscDWLtJ9969e7fzhpZmiRWeVCYeJ8h.jpg

Иран билігі Ормуз бұғазын жапқаны туралы тараған ақпаратты тағы да жоққа шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Синьхуа агенттігіне сілтеп.

Иран ислам революциясы сақшылар корпусының жоғары лауазымды офицерінің айтуынша, кейбір ақпарат құралдары Иран стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазын толық жапты деген мәлімет таратқан. Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Кейбіреулер бізді бұғазды жапты деп айыптауда, бірақ іс жүзінде Иран бұл су жолын жапқан жоқ», – деді офицер мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Иран бұл аймақтағы теңіз қатынасын халықаралық ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.

Иранның мемлекеттік телеарнасы әскери дереккөзге сілтеме жасап, Ормуз бұғазы ашық екенін хабарлады. Дегенмен АҚШ немесе Израильге тиесілі кез келген кеме әскери нысана ретінде қарастырылуы мүмкін екенін ескертті.

Сонымен қатар Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Саид Хатибзаде Нью-Дели қаласында өткен халықаралық конференцияда Тегеран бұғазды жаппағанын және жақын уақытта мұндай жоспар жоқ екенін мәлімдеді.

«Егер Иран бұғазды жабу туралы шешім қабылдаса, бұл жөнінде ресми түрде хабарлайды», – деді ол.

评论