其他材料
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Масуд Пезешкианның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы мәлімдемесін құптайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.
Оның айтуынша, Қазақстан Президенті бұл шешімді Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды.
Бұған дейін Иранның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Масуд Пезешкианның мәлімдемесін жариялаған болатын. Онда Иран аумағынан шабуыл жасалмаған жағдайда елдің көрші мемлекеттерге соққы жасамайтыны айтылған.
Пезешкианның сөзінше, мұндай шешімді Иранның уақытша жетекші кеңесі қабылдаған. Сонымен қатар ол қарсы тараптың Иранды «капитуляцияға мәжбүрлеу» туралы үміті жүзеге аспайтынын атап өткен.
