Өзбекстан президенті Иран басшысына көңіл айтты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zPvOil5fvWmqqOtlzLzTXdgwkQq3HdoUoovshiYC.jpg

Шавкат Мирзиёев Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменеи қайтыс болуына байланысты Иран президенті Масуд Пезешкиан атына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Өзбекстан басшысы жолдаған хат мәтінін 2 наурыз күні Иранның Ташкенттегі елшілігі жариялады.

Жеделхатта:

«Иранның жоғарғы рухани көшбасшысы, аятолла Сайид Али Хаменеи мен оның отбасы мүшелерінің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар бізді қатты қайғыртты. Ол өзінің ұзақ жылдарғы жемісті қызметінде Иран мемлекеттілігін нығайтуға, қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ұлттық құндылықтарды сақтауға зор үлес қосты», – делінген.

Сондай-ақ хатта Хаменеи Иран мен Өзбекстан арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға елеулі үлес қосқаны атап өтілді.

Өзбекстан президенті Иран басшылығы мен халқына осы ауыр кезеңде шынайы көңіл айтып, қайғыға ортақ екенін жеткізді.

Айта кетейік, Әли Хаменеи 28 ақпан күні АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан қаза тапқан. 

评论
其他材料