Көлікте белдік тақпағандар мен телефонға телміргендерді бейнебақылау камералары түсіреді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bsY2A0QU7aQPzPw4zrZ3AeVvkCHHDEGYP1ozq58k.webp

Қазақстанда 12 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 31-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеп.

Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның түсіндіруінше, өзгерістер «Цифрлық кодекс» аясында қабылданған және олардың негізгі мақсаты – заманауи технологияларды қолдану арқылы жол қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

ІІМ өкілдері жаңа тыйымдар енгізілмейтінін атап өтті. Өзгерістер тек бұрыннан бар құқық бұзушылықтарды анықтау тәсілдерін жетілдіруге бағытталған.

"Бұған дейін кейбір бұзушылықтарды тек полиция қызметкерлері анықтаса, енді оларды заманауи техникалық құралдар арқылы тіркеуге болады. Заң талаптары өзгермейді, тек тіркеу әдістері жаңартылады", – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Жаңашылдықтарға сәйкес, құқық бұзушылықтарды тіркеудің үш тәсілі қарастырылған.

Алғашқысы қолданыстағы бейнебақылау камералары болса, екінші автоматты тіркеу жүйелері. Яғни, рөлде телефон пайдалану немесе қауіпсіздік белдігін тақпау фактілерін анықтай алады.

Сонымен қатар, ескерту түрінде қарастырылған кейбір құқық бұзушылықтар бойынша жүйе автоматты түрде ескерту шығара алады. 

评论