«Talas Investment Company» ЖШС кәсіпорнының ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ntPpRj1hSLrvH6wY7345Sv3AMKbYlLPMvN235IRd.jpg

Бүгін Жамбыл облысы Талас ауданында орналасқан «Talas Investment Company» ЖШС кәсіпорнының ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үндеу жариялады.


«Talas Investment Company» ЖШС Қазақстандағы натрий цианидін өндіретін химия өнеркәсібіндегі бірегей кәсіпорын болып табылады. Натрий цианиді алтын өндіру өнеркәсібінде және металлургияда кеңінен қолданылады.
Осындай кәсіпорынның ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын жеткізді.

«Біз өз ұжымымызбен бірге еліміздің дамуына тыңбай еңбек етіп келеміз. Күнделікті жұмысымыз арқылы өндірістің тұрақты жүруіне, өңір экономикасының нығаюына және халықтың әл-ауқатының артуына өз үлесімізді қосып жүрміз. Бүгінгі таңда еліміз үшін маңызды кезеңдердің бірі – референдум. Бұл жай ғана саяси науқан емес, бұл – мемлекетіміздің алдағы даму бағытын айқындайтын тарихи шешім» - деді Дастанов Бауыржан Бақтиярұлы, кәсіпорынның бас директоры орынбасарының міндетін атқарушы.

«Референдум арқылы қабылданатын шешімдер біздің қоғамымыздың тұрақтылығы мен экономикалық дамуына, кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуіне, жастар үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуына әсер етеді. Біздің ұжым барлық қызметкерлерімен бірге мемлекетіміздің тұрақты дамуын қолдайды. Референдум – бұл ел үшін маңызды әрі тарихи сәт, және әр азамат өз таңдауын жасау арқылы болашаққа үлес қосады» - деді Жусипбекова Айжан Телжанқызы, кәсіпорнында қойма меңгерушісі.

«Референдум – бұл әрқайсымыздың азаматтық жауапкершілігімізді көрсететін сәт. Біздің ортақ мақсатымыз – тұрақты, дамыған және болашағы берік Қазақстан» - деп атап өтті Бауыржан Дастанов.

评论
其他材料